🍀Əссəлəму ъəлəйкум уə рохмəтуллаһи уə бəрокəтуһ! ❗Бүгінгі тақырыпты видеоға түсіп, камераның алдында өзін-өзі көрсету үшін əрі-бері жүретін əпке сіңілдеріме арнадым! Қабылдай алмаймын, өз қалауымша өмір сүрем десеңізде өзіңіз білесіз! Бисмиллə, соңғы кездері көөөп байқап жүрмін хиджаптағы қыздардың видеоға түсіп, өзін көрсетуі үшін инстаға салуын. Жəй ғана видео болса мейлі, ол видеода əрі-бері жүреді, одан қалса, камераға қарап мəз болып күледі, одан асса киімдерін жабыстырып, аяқтарына биік өкше киіп, сəн көрсететіндері бар. Жəй айтса түсінбейді екенсіздер, жааақсы хадис келтірейінші: 💚Сүйікті Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігімен сəлемі болсын) əйел қауымына қатаң ескертіп: ➖Киімі бар, бірақ сонда да жалаңаш, шайқалған жүрістерімен еркектерді еліктіргендер жəннатқа кірмейді, тіпті оның жұпар иісіндей сезбейді"-дейді,түсініп оқыңыз "Жалаңаш əйел" демеген, "киімі бар жалаңаш" деген☝ Ол сіздің анау сыртынан тағы бір көйлекті талап етіп жүрген, фигурасы əсем көйлегіңіз. Шайқалған жүріс дегені, сіздің видеода ыржиып өзіңізді көрсетіп ары-беры жүруіңіз. ➖Не үшін келдіңіз өмірге? ➖Жəннəтты қалаушылардың қатарында болғыңыз келмейме сонда?! ➖Кімнің разылығын іздеп жүрсіз? ➖Өмірдегі мақсатыңыз не? Əр видеоңызға лайк басып, делебесі қозып жүрген еркексымақтар, қияметте амал таразысы тартылған кезде, күнəларыңыздан арылуыңызға көмектесе алармекен сізге?! Бұрала түскен видеоңызға: ➖"Бұныңды тоқтат, харам"-деудің орнына, лайк басып отырған еркектердің ішінен хайырлы ұрпақ тəрбиелейтін əке шығады деп ойлайсызба?!(əлбетте олар дер кезінде тəубесіне келмесе) Алдын бір қыз жекеме: ➖Фото, вдеом еркектер үшін емес, өзім үшін, естелік үшін-депті. Айтамда ойбай-ау, өзіңіз үшін түскен фото, видеоңыз соткаңызда тұра берсе болмайма?! Соны инстаға салу керекпа? Тек қана сол жерде сақталама? ❗Хиджап кидіңіздерме?! Лайық болыңыздар соған! Қаншама адам жете алмай жүр соған! 👑Бір король келіп, басыңызға алтын тəж кигізсе тастамай тағып жүресізғой?! Хиджаптың мысалы сол іспеттес. 🧕🏻Айырмашылғы хиджап оданда хайырлы, ұятыңызбен арыңыздың қорғаны болған. Жəннəтыңызға кепілдік беруші қорғаныңыз! ❗Қысқасы сөз иесін табады!

Теги других блогов: видео қыздар хадис