Иманымыз қай дәрежеде?
Бір мұсылман кісі өміріне өкініп "Мен неге Пайғамбардың ﷺ кезінде өмір сүрмедім екен?"- деп налиды да жүреді екен.
Содан күндер өте келе жаңағы кісі түс көреді. Түсінде бір автобустың ішінде Пайғамбарымыз ﷺ жəне барлық сахабалар жəне жаңағы кісінің өзі де бар екен. Ұзақ жолға сапарға шыққан екен. Содан жолда авария болып , адамдар сыртқа шығуға жанталасып жатады. Барлығы дерлік шығып, ал, Пайғамбарымыз ﷺ автобустың ішінде қалып қояды. Көліктің есігі тарс жабылып ашылмай қалады.
Пайғамбарымызды ﷺ шығару үшін автобустың терезесін сындыру керек болады. Содан жаңағы кісі жерден тас іздеп кетеді. Ары іздеп, бері іздеп ақыры қолына бір тас ілініп автобустың терезесін сындыру үшін жүгіріп келе жатса, сахабалар Пайғамбарымызды ﷺ құтқару үшін автобустың əйнегін бастарымен ұрып жатыр екен. Кейбір сахабалардың бастары жарылып кеткен , үсті-басы қан болып кетсе де ұруын тоқтатып жатқан жоқ.
Ұйқысынан шошып оянған жаңағы кісі өзінің иманының өте əлсіз дəрежеде екенін түсініпті.
Дəл қазір сондай жағдай болатын болса біз де тас іздеп кетер ме едік, қайтер едік?
Біз мұндай жағдайға дайынбыз ба?